Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сәрсенбі, 18 ақпан, 19:44

Қызылорда қаласы аумағындағы қоғамдық көліктер қала тұрғындары мен қала қонақтары үшін қарқынды қызмет атқаруда

18.02.2026

9

0

2017 жылы заманауи талаптарға толық жауап беретін автобус паркінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Бүгінде бұл кешенде көлік құралдарын техникалық қызметтен өткізу, жөндеу цехтары, газ құю бекеті және көлік жуу орны тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда, қалаішілік жолаушылар тасымалын күнделікті 240 дана автобустар жүзеге асыруда. Қоғамдық көліктердің бағыттардағы қатынау интервалы жобамен 12-15 минутты құрайды. Серіктестіктің стратегиялық жоспарына – «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қалаішілік жолаушылар тасымалының барлық бағыттарын қамтып келеді.

Облыс орталығында халық санының өсуі қоғамдық көлікке деген сұранысты жыл сайын арттыруда. Өздеріңізге белгілі, облыс әкімінің қолдауымен 2022-2024 жылдары Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешу үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы табиғи газбен жүретін «Yutong ZK6852 HG» маркалы 300 дана автобус алынып халық игілігіне пайдалануға берілді.

Осы ретте, қоғамдық көлік санының еселеп артуына байланысты серіктестіктің штаттық бірлігі 730, оның ішінде 523 бірлікті автобус жүргізушілері құрап отыр. Жұмыс жасау тәртібі-2 жұмыс күн, 2 демалыс күн.

Бүгінгі таңда қоғамдық көліктерде, «ALEMPAY» ЖШС-мен жасалған келісімге сәйкес жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілген қызметтері немесе электрондық жол жүру картасы арқылы жүзеге асады. Сараланған тариф бойынша 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап электронды түрде төлем 85 теңге, қолма-қол төлем 130 теңге болып бекітілген.

Ақпарат ретінде:
Қала тұрғындары мен қонақтар үшін электронды түрде төлем жасаудын 8 түрі ұсынылған.
Олар: SMS, QR код, ұялы қосымша, көлік және банктік карталарды қолданатын ұялы байланыс операторлары арқылы.

Бүгінде Серіктестіктің барлық қалаішілік бағыттарда жолаушыларды тасымалдайтын автобустары 2GIS, Яндекс GO және Яндекс Карта ұялы қосымшасына тіркелген. Өз кезегінде қызылордалықтар мен қала қонақтары баратын жерлеріне қосымша арқылы қай бағыт қай уақытта жүретінің көру мүмкіндігі жасалған.

Барлық қоғамдық көліктерде «автоинформатор» орнатылып, автоматты түрде аялдамаларды хабарлау қызметі жұмыс жасауда.

Аталмыш жүйе арқылы жолаушыларға автоматты түрде аялдама атауларын, жолаушыларға қалта ұрлығынан сақ болуын, жол жүру билетін талап ету қажеттігін хабарланып отырылады. Арнайы навигация жүйесі ескертулерді толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді, яғни жүргізуші көлік жүргізу барысында алаңдамайтын болады.

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-нің buspark.kz атауымен ақпараттық сайт жұмыс істеуде. Сайтта қазақ және орыс тіліндегі медиа оқырманға автобус паркінің тыныс-тіршілігі, жүргізушілермен жолаушылардың дұрыс диалог құру мәдениеттілігін қалыптастыру, автобустардың қай аймақта келе жатқаның және қанша минутта болатының тікелей бақылау мүмкіндігі қарастырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: