Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Дүйсенбі, 18 мамыр, 02:17

Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті

17.05.2026

9

0

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов «Қайсар- Аренада» өткен қостанайлық “Тобыл” мен жергілікті “Қайсар” футбол клубтары арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының матчын тамашалады.

Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті
Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті

Ойын алдында аймақ басшысы жергілікті футболшылармен кездесіп, ізгі тілегін білдірді. Қайсарлықтар Мұрат Нәлқожаұлына қолдауы үшін алғыс айтып, клуб атынан естелік сый-сияпат табыстады.

Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті

Тартысты матч нәтижесі 2:1 есебімен аяқталып, “Қайсар” футбол клубы Қазақстан Премьер-Лигасында алғаш рет жеңіске жетті.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр жыл соңында “Қайсар” футбол клубы жеке басқаруға берілген болатын. Клубтың жаңа иесі – белгілі кәсіпкер Исламғали Қозбақов. Өңір спортын дамыту, әсіресе футболды ілгерілету мақсатында инвестор демеушілігімен 20 млрд теңгеге «Қайсар» балалар академиясының құрылысы салынып жатыр. Онда 6 футбол алаңы, жабық манеж және медициналық орталық қарастырылған, 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. Облыста 2022 жылдан бері 24 заманауи спорт кешені ел игілігіне табысталды. Биыл елді мекендерде соңғы үлгідегі 3 спорт нысаны іске қосылады.

Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті
Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті
Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті
Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті
Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті
Аймақ басшысы жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: