Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Сейсенбі, 19 мамыр, 15:05

«Таза Қазақстан»: Қызылорда облысында акция аясында түсіндіру жұмыстары күшейтілді

19.05.2026

5

0

 Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» акцияcы аясында түсіндіру жұмыстары күшейтілді. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарының сақталуын бақылауды жалғастыруда.

Құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында бейнебақылау камералары тиімді пайдаланылып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылуда. Сонымен қатар, қала орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарды ластамау және ортақ тәртіпті сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша 113 хаттама, ал 505-бабы 1-бөлігі бойынша 547 хаттама рәсімделді.

“Таза Қазақстан” акциясының басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілігін арттыру. Осы бағыттағы профилактикалық және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады, – деді полиция өкілі. Акция аясындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: