Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Сейсенбі, 19 мамыр, 16:41

Енді көлік нөмірін мұраға қалдыруға рұқсат етіледі

19.05.2026

4

0

2026 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстанда автокөлікті тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Жаңа талаптарға сәйкес, пайдаланылған мемлекеттік нөмірлерді иесінің туыстарына немесе мұрагерлеріне беруге мүмкіндік туады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа норма бойынша мемлекеттік нөмірлерді мемлекеттік органдарға, дипломатиялық өкілдіктерге, сондай-ақ көлік иесінің жақын туыстары мен мұрагерлеріне рәсімдеуге болады. Жақын туыстар қатарына ата-аналар, балалар, ерлі-зайыптылар, аға-інілер мен әпке-сіңлілер, ата-әжелер және немерелер, сонымен бірге асырап алушылар мен асыранды балалар енгізілген.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі сұранысқа ие «әдемі» мемлекеттік нөмірлер тізімін кеңейтпек. Енді 101, 202, 303, 404, 505, 717, 808, 909 секілді қайталанатын және айна тәрізді сандар ресми түрде сатылатын болады.

Мұндай нөмірлерді бірдей әріптермен бірге де тапсырыс беруге мүмкіндік жасалады. Алайда әзірге толықтай айна тәрізді әріптік комбинациялар сатылымға шығарылмайды.

Жаңа «әдемі» нөмірлер үшін мемлекеттік баж көлемі 15 АЕК болады. Бұл 2026 жылы шамамен 64,9 мың теңгені құрайды. Ал егер нөмір бірдей әріптермен толықтырылса, құны 72 АЕК-ке дейін өсіп, шамамен 311,4 мың теңге болады.

Айта кетейік, бұл тарифтер бұған дейін Салық кодексінде көрсетілгенімен, енді ғана тіркеу ережелеріне ресми түрде енгізіліп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: