Конституция

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Дүйсенбі, 29 маусым, 21:29

ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

29.06.2026

8

0

Ауданға Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Тергеу басқармасының басшысы Ерлан Қасқырбайұлы мен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Оралбаева Майра Тұрлыбекқызы арнайы келіп, тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов төрағалық етті.

Жиын барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын қаржылық қауіпсіздік, құмар ойындардың кері әсері және интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыптары кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтық әрекеттерінен сақтану жолдарын түсіндіру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және экономикалық жауапкершілікті күшейту бағытында маңызды ақпараттар берілді.

Кездесу барысында мамандар интернет алаяқтарының жиі қолданатын тәсілдеріне тоқталып, күмәнді қоңыраулар мен жалған сілтемелерге сақтықпен қарау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, құмар ойындардың жеке тұлғаға, отбасыға және қоғамға тигізетін кері әсерлері де жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Тергеу басқармасының басшысы Ерлан Қасқырбайұлы мен аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Оралбаева Майра Тұрлыбекқызы сөз алып, күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Аталған кездесу тұрғындардың құқықтық санасын нығайтуға, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда заң талаптарын сақтау деңгейін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: