Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

39°C

, Жексенбі, 12 шiлде, 11:04

ШӘМЕНОВ АУЫЛЫНДА САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

12.07.2026

9

0

Шаменов ауылында дауыс беру науқаны таңғы уақыттан-ақ жоғары белсенділікпен басталды. Сағат 9:00-ге дейін сайлау учаскесіне 72 ауыл тұрғыны келіп, өз таңдауларын жасап, азаматтық ұстанымдарын танытты.
Таң шапағымен қатар сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып еңбек адамы Ертай Орынбаев келіп, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Ал алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған жас сайлаушы Жанат Қуандықұлы да маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауын жасады. Бұл – жастардың ел тағдырына деген жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігінің айқын көрінісі.
Шаменов ауылындағы сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай, ашық әрі ұйымшыл жағдайда жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: