Өнімдердегі нитрат қалдықтарының шекті мөлшері (ШМ) өнімнің түріне байланысты арнайы нормативтермен белгіленеді.Ересек адамға арналған қауіпсіз тәуліктік норма орта есеппен 3,7 – 5 мг / кг дене салмағын құрайды. Дегенмен, әр көкөніс пен жеміс табиғатына қарай нитратты әртүрлі мөлшерде жинайды. Бұл көрсеткіштер техникалық регламент стандарттарына сәйкес арнайы бақыланады.
| Өнім | мг/кг |
| Қарбыз | 60 |
| Алма,алмұрт | 60 |
| Жүзім | 60 |
| Пияз | 80 |
| Қауын | 90 |
| Құлпынай | 100 |
| Далада өсірілген қияр | 150 |
| Далада өсірілген қызанақ | 150 |
| Картоп | 250 |
| Кеш жиналған сәбіз | 250 |
| Тәтті бұрыш | 250 |
| Жылыжай қызанақ | 300 |
| Ерте жиналған сәбіз | 400 |
| Жылыжай қияры | 400 |
| Кабачок | 400 |
| Кеш жиналған ақ қырыққабат | 500 |
| Жасыл пияз | 600 |
| Ерте жиналған ақ қырыққабат | 900 |
| қызылша | 1400 |
| Салат, жапырақты жасыл | 2000 |
Нитраттар несімен қауіпті? Азық-түлік өнімдеріндегі нитраттардың көп болуы жағымсыз салдарға, соның ішінде дененің тамақтан жіті улануына әкелуі мүмкін.
Нитраттармен уланудың негізгі белгілері:
- тырнақтардың, беттің, еріннің және көрінетін шырышты қабықтардың когеруі;
- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы;
- іш өту, көбінесе қан араласқан;
- бауырдың ұлғаюы, көз ақуыздарының сарғаюы;
- ттез шаршау , ұйқышылдық, бас ауруы, еңбек қабілеттігінің төмендеуі;
- ентігу, жүректің соғуы, есін жоғалтқанға дейін;
- қатты улану кезінде-өлімге әкелу мүмкін
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!