Балалар арасында аталған аурулардың алдын-алу мақсатында, келесі санитариялық-эпидемиологиялық (профилактикалық) шараларды жүргізуді ұсынады:
- Балаларды сауықтыру ұйымдарында (бұдан әрі-БСҰ) тамақтануды және сапалы
ауыз суды ұйымдастыру мен бақылау жүргізуге бұйрықпен жауапты маман бекітуін талап ету;
- БСҰ-ң асхана, су, лас су жүйелерінің, санитариялық қондырғылардың қалыпты
жұмысы мен қатты, сұйық қоқыс жинайтын орындары, аула тазалығының санитариялық талапқа сай болуын;
- БСҰ қызметкерлерінің алдын ала және мерзімдік медициналық бақылаудан
және ас блогы қызметкерлерінің гигиеналық оқытудан өтуін, медициналық кітапшаларының жұмыс орнында сақталуын;
- БСҰ эпидемиологиялық жағдайға байланысты асхана қызметкерлерін төтенше
бактериологиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етуін;
- Азық-түлік тағамдарының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарымен
(сертификат, кеден одағының декларациясы, ветеринарлық анықтамасы) қабылдануын қатаң сақтауды;
- Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы (10 күндік) ас
мәзірге сәйкес келуін;
- Күн сайын медицина қызметкері дайын тағамның сапасына (органолептикалық)
бағалау жүргізеді, бракераждық журналға түсіре отырып, рұқсат беруін;
- БСҰ инфекциялық аурулар мен тағамнан уланудың пайда болуы мен таралуын
болдырмау үшiн мыналарға жол берiлмейдi:
а) айран, сүзбе және басқа да сүт қышқылы өнiмдерiн, туралған ет қосылған
құймақтарды, флотша макаронды, зельцттi, кремi бар кондитерлiк өнiмдердi, морсты, квасты, форшмакты, фритюрдегi өнiмдердi, сiлiкпенi, паштеттердi, фритюрде қуырылған өнiмдердi, шала пiсiрiлген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, қаймақ қосылған салаттарды, окрошканы, саңырауқұлақты, үйде дайындалған өнiмдердi дайындауға;
б) пастерленбеген сүттi, қайнатылмаған немесе термиялық өңдеусiз сүзбенi және қаймақты, суда жүзетiн құстың жұмыртқасын және етiн пайдалануға;
в) алдында iшкен тамақтардың, сондай-ақ алдында дайындалған тамақты пайдалануға; ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтiн және сүт өнiмдерiн; тiл мен жүректi қоспағанда iшек-қарынды; суда жүзетiн құстың етiн және жұмыртқасын пайдалануға;
г) тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар, майонез қосылған салаттар, газдалған және алкогольсiз энергетикалық сусындар (минаралды және ауыз суды қоспағанда), чипсiлер, кептiрiлген нан, гамбургерлер, ход-догтар; ащы тұздықтар, кетчуптар негiзiнде бiрiншi және екiншi тағамдарға; сағыз сатуға және тамақ өнiмдерiн сататын автоматтарды пайдалануға жол берiлмейдi.
9. Қабылданатын, тез бұзылатын тамақ өнімдерінің саны, объектідегі тоңазытқыш жабдығының (өнімдердің осы түрін сақтауға арналған) көлемімен сәйкес алынуын;
10. Тоңазытқыш температурасын бақылауға арналған термометрлермен жабдықталуын, оның нәтижесін міндетті түрде үнемі бақылап журналға енгізіліп отырылуын қадағалауды;
11. Қабылданған барлық тамақ өнімдері сөрелер, тұғырықтар мен табандықтарда сақталуын. Тамақ өнімдерінің еденде сақталуына жол бермеуді;
12. Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнiмнiң тәулiктiк сынамасын 48 сағатқа сақтауын, 48 сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тамақ қалдықтарына тасталады;
13. Асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын және өндірістік гигиенаны қатаң сақтап, қолын жұмыс кезіндегі әрбір үзілістен соң және қажеттілікке қарай жууына, арнайы киімдерімен қамтылуын және олардың таза болуына, арнайы медициналық тексеруден және гигиеналық оқудан өткеннен кейін жұмысқа қосылуын қадағалауды. Медициналық тексерулердің шынайылығына аса мән беруді;
14. Алдын-алу, эпидемияға қарсы дезинфекциялық және дезинсекциялық, дератизациялық шараларды уақтылы, сапалы өткізілуін, заласыздандыру жұмыстарын балалар жоқ кезде жүргізілуін;
15. Жұмысқа тиiстi кәсiби бiлiктiлiгi бар аспаздар жiберiлуін;
16. Ас блогы алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi қобдишасымен қамтамасыз етілуін;
17. БСҰ-ң медицина қызметкері балалардың тамақтануының ұйымдастыруын бақылауды жүзеге асырады: келiп түскен тағам өнiмдерiнiң сапасы, оларды сақтау мерзiмдерi мен жағдайлары, дайындалу технологиясы, дайын тағамның сапасы, ас блогының ұсталуына;
18. Ас блогында күнделікті, тұрақты желдету және залалсыздандыру құралдарын пайдалана отырып, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуді, тамақтану объектілерін қол жууға арналған құралдармен, бір рет қолданылатын сүлгілермен және (немесе) электрлі сүлгілермен жарақталуын қамтамасыз етуді;
19. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес балалар арасында тағамнан уланудың алдын алу мақсатында аккредиттелген зертханалармен келісім шарт арқылы өндірістік бақылауды қамтамасыз етуін;
20. Балалар және ата-аналар арасында ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын-алу туралы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді.
Басқарма басшысы: Г.Аймбетова
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!