Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте Қаракеткен, М.Шәменов және Жаңадария ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, алдағы міндеттер бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ауылдық округ әкімдеріне халықтың тұрмыс сапасын арттыру, тұрақты жұмыс орындарын ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту және бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету бағыттары бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Әрбір бағыт бойынша аудан әкімі нақты тапсырмалар беріп, көрсеткіштері төмен ауылдық округ әкімдеріне ескерту жасады.
«Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар нақты нәтижемен көрінуі тиіс. Әрбір берілген тапсырма белгіленген мерзімінде және сапалы орындалуы қажет», – деді А.Ибраимов.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі кент және ауылдық округ әкімдеріне бюджетті тиімді игеруді қамтамасыз етуді, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы іске асырылуын және жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!