Бүгінде қоғамның әр мүшесінің пікірі мен ұстанымы ел дамуы үшін маңызды. Құрылтайдың ерекшелігі – түрлі әлеуметтік топтардың ұсыныстары мен көзқарастарын бір арнаға тоғыстырып, елдік мәселелерді талқылауға мүмкіндік беруінде деп санаймыз.
Сайлауға қатысу – азаматтың өз таңдауын білдіруімен қатар, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуінің көрінісі. Сондықтан әр азамат Құрылтай сайлауына саналы түрде қатысып, өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы қажет. Белсенді азаматтық ұстаным – тұрақты әрі дамыған қоғамның маңызды негіздерінің бірі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!