Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 04 мамыр, 03:17

Қызылорда облысының ел астанасындағы жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті

12.09.2022

320

0

Күрішті, ырысты Сыр елінде ырзық-несібе толысты. Қызылорда облысының диқандары ел байтағы – Нұр-Сұлтан қаласында екі күндік жәрмеңке өткізді. Қызылорда өңірінің молшылық сыйын елордалықтар үлкен ықыласпен қабыл алды.

Сыр бойынан әкелінген 500 тоннадан астам өнім нарықтан 15-20% төмен бағамен халыққа ұсынылды. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Бұдан бөлек, облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

Жәрмеңкеге келген елордалықтар дән риза.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: