Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 12:40

Елімізде жылдық инфляция 16%-дан асты

13.09.2022

3982

0

Биылғы жылдың сегіз айында экономиканың өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңдеу өнеркәсібі 4,8%-ға, машина жасау 8%-ға дерлік, оның ішінде локомотивтер мен вагондарды өндіру 11,5%-ға өсті.  Өңдеуші секторда химия өнеркәсібі 12%-ға, жеңіл өнеркәсіп 7,5%-ға, металлургия – 5%-дан астам және мұнай өңдеу 4%-ға өсіп, жоғары динамиканы көрсетті.

 Тау-кен өнеркәсібінде көмір өндіру 2,2%-ға, табиғи газ өндіру 3%-ға және кен өндіру 5%-дан астам ұлғайып, тұрақты өсім тіркеліп отыр.  Құрылыс секторында 7,5% өсім бар және 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Ауыл шаруашылығында 4,3% тұрақты өсім қалыптасты. Қызмет көрсету саласында сауда 5,2%-ға, көлік 5,5%-ға және байланыс 6,6%-ға өсті.

«Сегіз айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіш Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өсіп отыр. Әкімдіктер өңір экономикасының өсу қарқынын төмендетпеуі керек. Сонымен қатар тамыз айының қорытындысы бойынша елімізде жылдық инфляция 16%-дан асып кетті», деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдерінің өндірісін ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: