Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 23:53

Қызылорда облысының әкімі ҚР Денсаулық сақтау министрімен кездесті

30.09.2022

401

0

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесті.

Басқосуда өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыру және ауылдық елді мекен тұрғындарының денсаулығын жақсарту шараларымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында аймақта жаңа медициналық нысандар құрылысын салу, дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсету және қауіпті ауруларды ерте анықтап, алдын алу мәселелері сөз болды.

Министр жұмыс сапары барысында ең алдымен Ана мен бала орталығына, облыстық жедел жәрдем станциясына барып, халықпен кездесіп, жеке қабылдаулар өткізеді. Сондай-ақ, Ажар Ғиният Шиелі ауданының ауданаралық ауруханасына барады және аудандағы Досбол би ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысады. Бұдан әрі, Ажар Ғиният Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде орналасқан Қазақ республикалық лепрозориясына баруды жоспарлауда.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келгенін хабарлаған болатынбыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: