19-қазан құтқарушылар күні қарсаңында кіл жүйрікте кім жүйрікті анықтайтын өрт-құтқару спорты басталды.
Аталған шара қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан батырларымызды еске алу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Ұжымдық қарым-қатынас, пен кәсіби шеберлік сынға түсетін жарыста 15 команда бақ сынауда.
Жарыстың ашылу салтанатында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н. Ибрагимов қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, гарнизон қызмет бабында қаза болған батырларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Бүгін жарыстың алғашқы күні. Шабылдау сатысымен оқу жаттығу мұнарасының 4 қабатына көтерілу және Жылжымалы сатымен оқу жаттығу мұнарасының 3 қабатына көтерілу бойынша кезеңдері өз мәресіне жетті.
Қорытынды бойынша Шабылдау сатысымен оқу жаттығу мұнарасының 4 қабатына көтерілу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1 орын жеңіп алды. Жүлделі 2 орынды №5 өрт сөндіру бөліміне бұйырса, 3 орын Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімі иеленді.
Жылжымалы сатымен оқу жаттығу мұнарасының 3 қабатына көтерілу кезеңінде бәсекелестерінен озат деп табылған №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1 орын, Байқоңыр қаласының №8 өр сөндіру бөлімі-2 орын, 3 орын Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің командалары лайықты болды.
Ал ертең ең әсерлі кезең жауынгерлік қанат жаюдан жарыс жалғасын табады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!