Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 12:17

Қызылордада өрт-құтқару спорты басталды

14.10.2022

349

0

19-қазан құтқарушылар күні қарсаңында кіл жүйрікте кім жүйрікті анықтайтын өрт-құтқару спорты басталды. 

Аталған шара қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан батырларымызды еске алу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Ұжымдық қарым-қатынас, пен кәсіби шеберлік сынға түсетін жарыста 15 команда бақ сынауда.  

Жарыстың ашылу салтанатында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н. Ибрагимов қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, гарнизон қызмет бабында қаза болған батырларды  бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Бүгін жарыстың алғашқы күні. Шабылдау сатысымен оқу жаттығу мұнарасының  4 қабатына көтерілу және Жылжымалы сатымен оқу жаттығу мұнарасының 3 қабатына көтерілу бойынша кезеңдері өз мәресіне жетті. 

Қорытынды бойынша Шабылдау сатысымен оқу жаттығу мұнарасының  4 қабатына көтерілу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1 орын жеңіп алды. Жүлделі 2 орынды №5 өрт сөндіру бөліміне бұйырса, 3 орын Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімі иеленді. 

Жылжымалы сатымен оқу жаттығу мұнарасының 3 қабатына көтерілу кезеңінде бәсекелестерінен озат деп табылған №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1 орын, Байқоңыр қаласының №8 өр сөндіру бөлімі-2 орын, 3 орын Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің командалары лайықты болды. 

Ал ертең ең әсерлі кезең жауынгерлік қанат жаюдан жарыс жалғасын табады. 
      
 

WhatsApp Image 2022-10-13 at 19.35.37.jpeg
WhatsApp Image 2022-10-13 at 19.35.42 (1).jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: