Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 07:08

Сайлауға 3 күн қалды: Дауыс берушіге арналған нұсқаулық

17.11.2022

468

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды, сондай-ақ өзі де бақ сынауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz

Атап айтқанда, еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген. Тұрғындар жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Сайлау учаскелері бір сағат бұрын ашылады. Дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін бірден жүзеге асырылады. Оны санау ұзақтығы 12 сағаттан аспауы тиіс. Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін бірден хаттама жасалады.

Ал дауыс берушілер өз сайлау учакесін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы таба алады немесе «1414», «109» call-орталығына хабарласып білуге болады. Сонымен қатар Smart Astana мобильді қосымшасы мен smartastana_bot Telegram-боты жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, сайлау учаскесіне жеке куәлікті алып бару қажет. Сондай-ақ eGov, Kaspi қосымшасындағы цифрлық жеке куәлікті көрсетуге болады. 

Саяси науқанға қатысу үшін елімізде 10 101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды.

Орталық сайлау комиссиясы сайлауда дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті. Әрі ел бойынша 11 миллионнан астам сайлаушының тізімі жасалды. Бұдан бөлек, 35 шет мемлекеттен сайлауға 641 халықаралық байқаушы аккредиттелген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: