Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 20:16

«Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетіледі

22.11.2022

332

0

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін ашықтықты қамтамасыз ете отырып, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру және заң аясында дұрыс ақпарат пен бағыт-бағдар беру мақсатында 2022 жылдың 29 қараша күні сағат 15:30-да Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі №43 мекен жайында орналасқан «Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу» бөлімі ғимаратында «Adal komek» жобасының аясында азаматтарды қабылдау өтеді.

Қабылдауға келген азматтар Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Даулетбаеваға өз сұрақтарын қоя алады.

«Адал көмек» жобасының мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде құқықтық көмек көрсету болып табылады. 

Тақырып пен спикер көрсетілген кездесулер анонстары бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің  www.gov.kz ресми сайтында орналастырылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілер беттерінде жарияланады.

Шараға қатысуға ниет білдіруші тұрғындар +77079297552 WhatsApp байланыс нөмірі арқылы алдын ала жазылуы қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: