Қызылорда қаласының сол жағалауында екі автобустың соқтығысынан адам қайтыс болды деген ақпарат тарады. Қызылорда қалалық полиция басқармасы бұның қауесет екенін, шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Оқиға 02.02.2023 жылғы сағат 08:00 шамасында Қызылорда қаласы, сол жағалауда орналасқан «Orda School» мектебінің жанында «Yutong» үлгісіндегі қоғамдық екі автобустары соқтығысып жол көлік оқиғасы орын алған. Аталған жол көлік оқиғасы салдарынан 3 жолаушы емханаға көрініп қайтарылған. Денсаулықтары тұрақты. Жол-көлік оқиғасы орны рәсімделіп, тиісті құжаттар жинақталып, сараптамалар тағайындалуда. Сондықтан, жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз» делінген ақпаратта.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!