Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сенбі, 23 қараша, 23:27

Аймағымыздың білім саласына миллиондап залал келтірді

05.04.2023

788

0

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы бірқатар мектепте еңбекақы төлеу кезінде лауазымды мамандар ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, қаражаттарды бөгде адамдарға аударып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінде аталған деректер бойынша көпэпизодты қылмыстық іс тергелуде.

«Келтірілген залал сомасы шамамен 543 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 91,5 млн теңге өндірілді. Одан бөлек превенция шаралары нәтижесінде жекелеген мектептердің жауапты мамандары арқылы негізсіз шығысталған 35 млн теңге қаржы аудит басталу сатысында мемлекеттік бюджетке толық көлемде кері қайтарылды. Алдағы уақытта бұл жұмыс уәкілетті органдармен бірге жалғасады», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков.

Ведомство мәліметінше, жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында облыстық білім басқармасы және оған қарасты мекемелерде еңбекақы төлеу және қорын игеру қызметіне сыртқы талдау жүргізілген.

«Талдау барысында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Талдау обьектілерінде бизнес процестер автоматтандырылмаған. Яғни, қаржылық операциялар қолма-қол қағаз жүзінде жүргізіліп келген. Бағдарлама әкімшілері тарапынан жылдық қаржылық жоспарларға талдау-бақылау жұмыстары уақытылы жүргізілмей, бюджет қаржысы негізсіз артық жоспарланған. Салдарынан білім беру ұйымдарында «1С-Бухгалтерия» мен «Қазынашылық-клиент» жүйелеріндегі кемшіліктерді пайдаланып, аса ірі көлемде бюджет қаржысы жымқырылған», – деді департамент басшысының бірінші орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: