Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 15:23

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЖАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

22.04.2023

550

0

Бүгін Қызылордада бәйгеден ҚР чемпионаты аясында «Ұлттық киім – ұлт ажары» атты облыстық ұлттық киімдер байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов және ҚР «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев қатысты.

Еске салсақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Ақордада өткен ауызашар дастарханында ұлттық нақыштағы киім үлгілерін күнделікті кең қолданысқа енгізудің маңызын атап өткен еді.

«Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында не болмаса басқа мерекелерде ғана емес, күнделікті киіп жүрсе жарасымды болар еді», – деді Мемлекет басшысы.

Байқауға 53 қыз-келіншек қатысты. Ұлттық киімдер қазақ дәстүріне сәйкестігі, дайындау шеберлігі мен шығармашылық көзқарас тұрғысынан бағаланды.

Іс-шараның демеушісі 1 миллион теңге жүлде қорын ұсынды. Байқау нәтижесімен I орын алған жеңімпаз 500 000 теңге, II орын иегері 300 000 теңге, III орын жүлдегері 200 000 теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Қазылар алқасының төрайымы, Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжі директоры Ұлжан Байбосынова жеңімпаздарды құттықтап, болашақта осындай тағылымды іс-шаралардың жиі өткізілуіне тілектестік білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: