Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Жеңіс күнімен құттықтады.
Құрметті жерлестер!
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Кешегі қаһарлы жылдардың қаһармандық жолы жұртшылықтың мәңгі жадында. Бұл мереке – Отан қорғаудағы өшпес ерліктің, өлшеусіз даңқтың, еңселі елдіктің рухы.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, өңіріміздің өркендеуі мен еліміздің гүлденуі – осынау мерекенің жемісі.
Жас ұрпақ аға буынның батылдық жолынан өнеге алып, бой түзейді. Талайлы тарихымыздың тарландары жасаған жасампаз ерлік мәңгілік елдің ұмытылмас асыл мұрасына айналды.
Бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Ардагерлерді ардақтау, қазыналы қарттарымызға қамқорлық жасау – басты борышымыз!
Бүгінде аймағымызда 6 соғыс, 2048 соғыс ардагеріне теңестірілген тыл ардагері бар. Ұлы Жеңісті жақындатқан көзі тірі майдангерлерге республика тарапынан қаржылай қолдаулар көрсетілуде.
Жеңіс – жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Сіздерге және отбасыларыңызға ізгілік пен игілік тілеймін! Мерей үстем, ардагерлеріміз аман болсын!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!