Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 22 қараша, 19:16

Әлем чемпионаты: ширек финалға жеті боксшымыз шықты

10.05.2023

425

0

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жеті қазасқтандық спортшы ширек финалға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ширек финалға шыққан боксшылар: Махмұд Сабырхан (54 келі), Санжар Ташкенбай (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).

Бүгін ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Барлық жеті боксшы да шаршы алаңға шығады. Қамшыбектің қарсыласы – өзбек боксшысы Баходир Джалолов. Барлық жекпе-жек Qazsport арнасынан көрсетіледі. Басталуы – 15:00.

Айта кетері, Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 боксшымыз барды. Алтауы жарыс жолынан шығып қалды. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: