Қазақстандықтар халық санағына қатысудың баламалы нұсқасына ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Енді, тек санақ жүргізушіге ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар онлайн режимінде жұмыс істейтін мамандандырылған портал қызметін қолдана алады.
Биылғы санақтың ерекшелігі қандай, нендей жаңашылдық болады? Үкіметтің бұл ауқымды науқанға дайындығы қандай? Осы және өзгеде және мәселелер Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Ұлттық халық санағын жүргізу жөніндегі арнайы комиссиясының бірінші отырысы барысында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Ол науқанға дайындық пен оны өткізудің негізгі ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерімен айналысады. Халықтың саны, оның жасы, гендерлік құрамы, урбанизация дәрежесі, табыс деңгейі туралы жинақталған мәліметтер тексерілген, пысықталған басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз болады.
Онлайн санақты 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастау туралы шешім қабылданды. Ол 2021 жылдың 15 қазанына дейін мамандандырылған sanaq.gov.kz веб-сайтында жалғасады. Сайт тәулік бойы ашық болады. Азаматтар, қай жерде жүрсе де, өзі және отбасы үшін сауалнама беттерін толтырып, санаққа өз бетінше қатыса алады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық статистика бюросы «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ-мен бірлесіп жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде осалдық жүйесі күшейтілді және байланыс арнасы кеңейді.
Ә.Смайыловтың ұйғарымымен, Қазақстан Республикасының ҰҚК-мен бірлесіп, хакерлік шабуылдардың алдын алу мақсатында халық санағы бойынша ақпараттық ресурстарға тәулік бойы мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «sanaq.gov.kz» сайтын «Egov.kz» веб-порталымен біріктіру қажеттілігін атап өтті.
Дәстүрлі үй-үйді аралау, онлайн-санақтан өтпеген азаматтарды қамту мақсатында 2021 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың 30 қазанына дейін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.
Санақ жүргізушілер планшеттерді қолданады, бұл деректер сапасына адами фактордың әсерін барынша азайтады, ЖСН қолданып нақтылық деңгейін жоғарылатады және ақпараттың қайталануын болдырмайды.
Планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді, оның көмегімен сұхбат беруші барлық кіріктірілген арифметикалық және логикалық басқаруларды ескере отырып сауалнама жүргізе алады, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдана алады. Алынған деректер тікелей ортақ дерекқорға жіберіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!