Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:26

Қызылордада жеңіл көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті

06.06.2023

349

0

Қызылорда көшелерінің бірінде жеңіл көлік жүргізушісі белгіленбеген жерде жолды кесіп өтпек болған үш адамды қағып кетті. Оқыс оқиға салдарынан 60 жастағы әйел адам көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қайғылы оқиға облыс орталығында 5 маусымға қараған түні болған.

«Түнде Абай даңғылы мен Есенов көшесінің қиылысында жеңіл көлік өтуге тыйым салынған жерден өтпекші болған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Оқиға салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы екеуі түрлі дене жарақаттарны алды. Зардап шеккен адамдар ауруханаға жатқызылды», делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енді.

«Жүргізуші ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: