Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 02:42

Қызылордада «Сыр жастары» жобасы аясында 100-ден астам отбасы баспаналы болмақ

07.06.2023

361

0

Аймақ жастарының баспаналы болуын қолдау үшін облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасы аясында алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға жеңілдетілген ипотекалық несие берілмек. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд.теңге, «Отбасы» банкі арқылы 500 млн.теңге, барлығы 1,7 млрд.теңге қаражат бөлінді. Бағдарлама бойынша қызылордалық жастардың төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен қолжетімді тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы облыс жастары қатыса алады. Жеңілдетілген несие 19 жылға 5% үстемемен «Отбасы банк» арқылы беріледі, қатысушының банкте үй бағасының 10%-ын құрайтын салымы болса жеткілікті.

Бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика саласының мамандары, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, ғылыми қызметкерлер, ұлттық холдингтердің жергілікті филиалдарының, екінші деңгейлі банктердің, құрылыс, қоғамдық тамақтану және басқа да қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлер қатыса алады. Жолдама беру балдық жүйемен жүзеге асырылады.

Еске салсақ, желтоқсан айында өткен «Жасампаз шақ – жастық шақ» атты облыстық жастар форумында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта атқарылған игілікті шаралардың барлығында өңір жастарының өзіндік үлесі барын айтқан болатын. Аймақ басшысы осыған дейін жинақталған ой-пікір, ұсыныстарды саралап, сала жетекшілері мен қала, аудан әкімдеріне арнайы тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: