Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 01:46

Қызылорда автобус паркі 150 жаңа көлікпен толықты

07.06.2023

368

0

«Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту үшін өткен жылы 150 жаңа автобус алынды». Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында өткен жылы 150 жаңа автобус алдық. Биылғы қыркүйекке дейін тағы 150 автобус маршрутқа қосылады. Осылайша, біз аймақтың бас шаһарындағы қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешеміз», – деді аймақ басшысы.

Мұнан бөлек, өңірде жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асуда. Жергілікті маңызы бар 366 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу арқылы жақсы жағдайдағы жол үлесі өткен жылы

82 пайыз құрады , биыл бұл көрсеткіш 87 пайызға жеткізілмек.

Аймақ үшін өзекті жобалардың бірі – Президенттің тікелей бақылауындағы, халық ұзақ күткен «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысы. Жолдың ұзындығы 216 шақырым, биыл 140 шақырымнан астамы аяқталады деп күтілуде. Қалған бөлігі 2025 жылдың аяғына дейін толық аяқталып, халық игілігіне берілмек.

«Қазақстан теміржолы» компаниясымен бірлесіп, Қызылорда теміржол вокзалының ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: