Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:27

Ұлы бар ата-аналардың миы ерте қартаяды

18.06.2023

270

0

Ғалымдар 2022 жылдың соңында 14 жыл бойы жүргізіліп келе жатқан зерттеуді қорытындылады. Олар бұл зерттеуден ата-ана миының когнитивті қабілеттерінің әлсіреуі мен балалар жынысының арасынан байланыс тапқан.

Бұл уақыт аралығында Прагадағы Карлов университетінің және Нью-Йорктегі Колумбия университетінің ғалымдары баласы бар 13 222 ата-ананы (олардың ішінде 61,6% – әйелдер) зерттеді. 82,3% қатысушылардың ең болмағанда бір ұлы болған. Зерттеу нәтижелері Journal of Psychiatric Research журналына жарияланған.

Зерттеуге қатысушы ата-аналарға зейін қою және есте сақтау секілді факторлар кіретін когнитивті қабілеттерді бағалауға арналған тесттер ұсынылды. Балалардың өсуіне қарай жаңа тесттер ұсынылып отырды.

Зерттеу қорытындысы бойынша, ұл балалар өсіріп отырған ерлер мен әйелдердің нәтижелері нашар болып шыққан. Бірнеше ұлдың болуы тапсырмаларды орындауға одан да нашар әсер еткен. Қазіргі сәтте ғалымдар оның себебін нақты анықтаған жоқ, алайда бұл байланыстың бары анық. Олар сондай-ақ болашақта ата-анасында деменцияның даму мүмкіндігіне бала жынысы әсер ету мүмкін деп болжады.

Зерттеуге АҚШ тұрғындары қатысты. Олардың көпшілігінің жасы зерттеу аяқталған кезде 50-ден асқан. Ата-аналардың қабілеттерін тексеру үшін деменция деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін стандартты тесттер ұсынылған. Мысалы, 100-ден 7-ні алып, одан шыққан саннан тағы да 7-ні алып, осылайша кері қарай санау. Тесттің тағы бір түрі: 10 зат есімді тыңдап, бірден есте қалғанын айту, сосын сәл уақыттан соң есте қалғанын айту.

«Біздің зерттеу тек қыздары бар ата-аналарға қарағанда бірнеше ұлдары бар ата-аналардың когнитивті функцияларының төмендеуі жылдамырақ жүретінін көрсетті», – деп қорытындылады ғалымдар.

Ақпарат дереккөзі: MASSAGET

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: