Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 24 қараша, 11:19

Қызылордада 1 мыңнан астам медицина қызметкеріне үстемеақы төленді

24.02.2021

517

0

2020 жылдың қорытындысы бойынша COVID-19 және вирустық пневмониямен күреспен айналысатын аймақтың 15 536 медицина қызметкеріне қаржылық қолдау көрсетілді. Өткен жылда бұл мақсатта 3 млрд. 002 986 мың теңге бағытталды. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

2020 жылдың наурыз айынан 2021 жылдың қаңтарға дейін ынталандыру төлемдері бөлінді:

  • наурызда – 476 медицина қызметкеріне 63 291,2 мың теңге сомасында;
    • сәуірде – 1 921 медицина қызметкері, 319 305,9 мың теңге;
    • мамырда – 1 784 медицина қызметкері, 317 273,2 мың теңге;
    • маусымда – 1 906 медицина қызметкері, 419 430,9 мың теңге;
    • шілдеде – 3 452 медицина қызметкері, 947 557,1 мың теңге;
    • тамызда – 2 453 медицина қызметкері, 407 345,1 мың теңге;
    • қыркуйекте – 839 медицина қызметкері, 96 410,1 мың теңге;
    • қазанда – 896 медицина қызметкері, 124 207,2 мың теңге;
    • қарашада – 825 медицина қызметкері, 138 734,5 мың теңге;
    • желтоқсанда – 984 медицина қызметкері, 169 430,7 мың теңге;
    • 2021 жылғы қаңтар айында – 1062 медицина қызметкеріне 152 767,9 мың теңге сомасында.

Естеріңізге сала кетейік, көтермелеу сомасы еңбек жағдайларының қауіптілік дәрежесіне байланысты және сәйкесінше 20, 10 және 5 ЕТЖ құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: