Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 17 сәуiр, 11:55

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16.03.2024

132

0

 Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнама» онкүндігі жарияланған болатын.

Осыған сәйкес, 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» болып белгіленді. Бұл күн ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, салт-дәстүрімізді дәріптейтін, қазақы болмысымызды айшықтайтын ерекше күн.

Сәйкесінше, дәл осы күні Сыр өңіріндегі мәдениет ұйымдарында мерекелік марафондар мен халық арасында кең тараған салт-дәстүрлер: тұсаукесер, бесікке салу, беташар және тағы да басқа да 40-қа жуық рәсімдер кең көлемде ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, танымал суретшілердің, мүсіншілердің ерекше туындылары халық назарына ұсынылып, арнайы көрме өтеді. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, креатив суретші Дәулет Тойшыбаевтың «Кілем art» атты заманауи кілем бетіне сурет салу өнер көрмесі ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, «Ұлы даланың ұлық мерекесі» атты мерекелік шара және «Салт дәстүр – ұлттың айнасы» кітап көрмесі, Қ.Бегмановтың «Ер төстік» балалар қойылымы сомдалады.

Сонымен қатар, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталықтарында ұлттық кино апталығы өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: