Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:45

AMANAT: Партиялық бақылау комиссия отырысы өтті

14.02.2024

252

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комисиясының отырысы өткізілді. Аталған комиссия төрағасы Қайрат Досымов төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Жалағаш ауданы бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары мен аудан бойынша білім беру ұйымдары асханаларының жай-күй туралы мәселелер қаралды.


Мектеп асханаларын өткен жылмен салыстырғанда санитарлық-гигиеналық, технологиялық жабдықтармен жабдықталуына, ыстық тамақтың сапалы ұйымдастырылуына көңіл бөлініп, қаржы бөлуде. Дегенмен, кезек күттірмейтін, қаржы бөлуді қажет ететін жағдайлар да жеткілікті. Атап айтатын болсақ типтік жобадағы асханалардың кейбіреуінде технологиялық жабдықтары істен шыққан, жарамсыз. Электрлік тапа, плита, духовка, ет тартқыш, дайын, шикі тағамдар дайындайтын үстелдер саны жеткіліксіз, санын көбейтуді қажет етеді. Кейбір мектеп асханаларында оқушылардың тамақтары үй жағдайында пайдаланатын газ плиталарда дайындалады. Сонымен қатар, мектеп асханаларында балалардың тамағы үшін пайдалануға жол берілмейтін тағам өнімдерін (пицца, тәтті шоколад, чупа чупс, фритюрде қуырылған пирожки, гамбургерлер) сатып, жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен тағамдардың (шырын, печенье) асхана қоймасында сақталу фактілері орын алған. Біздің басқарма тарапынан мектеп асханаларындағы аспазшыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кемшіліктердің орын алмауына тиісті жұмыстар жүргізілуде – деді Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзира Аймбетова.

Сонымен бірге, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестендіруді, асхана аспазшыларының біліктілігін арттыруды, оқушылардың денсаулығына зиянды тағамдарын сатуға тыйым салынуды, мәзірді әзірлеу кезінде витаминді-минералдық кешенмен байытылған тағам өнімдерін көздеуді және мектеп асханаларының өндірістік бақылаумен қамтылуы бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 3228 адамның Ұлттық жобаға қатысушы ретінде 3062 адам тіркелді. 2023 жылы Мансап орталығының қызметкерлері субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушыларға бюджет қаражатын мақсатты жұмсалуы бағытында 123 жұмыс берушіге 761 адамға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 10 жұмыс берушіге «Ескертпе» хаттары беріліп, 13 адамның жұмысы тоқтатылды.
Облыстық басқарма, Еңбек мобильділігі орталығы қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Күміс жас» жобасы бойынша 2 жұмыс берушіден 2 адамның жұмысы тоқтатылып, үнемделген қаржы 312,0 мың теңгені құрады.
Жыл басынан 7 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда 119 жұмыс берушілерден 270 бос жұмыс орындары ұсынылып, жәрмеңкеге қатысқан 415 жұмыссыздардың ішінен 256 адамға тұрақты жұмысқа, 29 адам уақытша жұмысқа орналастырылса, 130 азамат кеңес алды. Жыл басынан 705 адамға жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалды – деді Жалағаш ауданының «Мансап орталығы» филиалының директоры Ғалымжан Телібаев.

Бүгінгі отырыста хабарлашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, күн тәртібіне қойылған мәселелерге сәйкес қосымша мекеме басшылары шақыртылды.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: