Жаңаталап ауылдық округіндегі №141 сайлау учаскесінде дауыс беру барысындағы белсенділік әлі де жоғары деңгейде сақталуда. Өз таңдауын жасауға асыққан тұрғындар учаскеге бірінен соң бірі келіп, маңызды саяси науқанның мәнін айқындай түсуде. Бұл жағдай ауыл халқының ел ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілігін жоғары деңгейде көрсетіп отырғанын аңғартады.
Белсенді дауыс берушілердің қатарында ардагер ұстаз Ақарыстан Ақатаев та бар. Өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз саяси науқанға ұлымен бірге келіп, өз дауысын берді.
Ақсақалдың пікірінше, ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерде әрбір азаматтың дауысы ескеріліп, ортақ шешімге үлес қосуы қажет.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!