Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:10

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

31.12.2023

784

0

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан ардагерлерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, аймақ басшысының арнайы құттықтауын табыстады.

Бейбіт күннің жетістігі ардагер әкелеріміз бен аналарымыздың адал еңбегінің арқасы екенін жеткізген аудан әкімі Ардақ Ибраимов әрбір шаңыраққа жаңа жыл құт берекесімен, жақсылығын ала келсін деген ізгі тілегін білдірді.

Кездесулерде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев және аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов аудан әкімімен бірге қазыналы қарттарға мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Киелі шаңырақтың бірлігін сақтап, үйдің берекесін келтіріп отырған үлкендеріміздің өмір жолы саналы ұрпақтың жадында таусылмас қазына болып сақталатыны сөзсіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: