Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жұма, 26 сәуiр, 01:31

Асқарбек Есжанов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тапсырмалар берді

29.09.2022

368

0

Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Аудан әкімінің қатысуымен өткен комиссия отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар туралы мәселе қаралды.

Комиссия отырысында Жалағаш аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мәулен Өсер кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған құқық бұзушылықтар туралы баяндама жасады. Бөлім басшысы аудандағы келеңсіз оқиғалар және оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті. Сонымен қатар профилактикалық рейдтер туралы да айтып өтті.

Сондай-ақ жиында Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов та бөлім тарапынан атқарылып ждатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Комиссия отырысында аудан әкімі Асқарбек Есжанов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыруды тапсырып, тиісті бөлім басшылары мен мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: