Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сәрсенбі, 08 мамыр, 08:58

Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді

03.12.2023

445

0

Алашқа ана болған Сыр елі Астана қаласының 25 жылдығына орай 8-9 желтоқсан күндері Астана қаласында Қызылорда облысының Өнер күндерін өткізеді.

Бағдарлама барысында Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры 8 желтоқсан күні сағат 19.00-де Жастар театрында Ш.Айтматовтың «Жәмилә», 9 желтоқсан күні сағат 16.00-де Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектакльдерін сахналайды.

Сағат 16.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында елордалықтар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұлтқа ортақ мәдени-рухани құндылықтарды арқау еткен «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің бесігі» көрмесімен таныса алады. Көрмеде бірінші рет «Шірік-Рабат сақ жауынгері» мен «Сығанақ ханшайымының» реконструкциялары ұсынылады.

Астана қаласының 25 жылдығына арналған Қызылорда облысының Өнер күндері сағат 17.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Сырдан шыққан өнер жұлдыздарының Гала концертімен түйінделеді.

FB_IMG_1701538364535.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: