Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 16:19

Аудан дамуында серпін бар

09.07.2024

139

0

Өткен аптада ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Геннадий Шиповских және Алишер Сатвалдиев ауданға жұмыс сапарымен келді. Мақсат – кенттегі этнос өкілдерімен, ардагерлермен кездесіп, еркін пікір алмасу. Сондай-ақ олар облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен жаңадан салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылысымен танысты.

Халық қалаулылары ең алдымен аудандық «Руханият» орталығында жер­гілікті тұрғындармен кездесті. Кез­десуде тұрғындар тарапы­нан өзекті мәселелер көтерілді. Халық мәселесіне құлақ түрген Сенат депутат­тары заң аясында ұсыныстар енгізе­тіндерін жет­кізді. Мұнан кейін халық қалаулылары аудан орталығында салынып жатқан «Ру­ханият» орталығының құрылысымен танысты. Музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталығы, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, ру­хани ұйымдарды біріктіретін типтік үл­гі­дегі бұл нысанның құрылысы қарқынды. Жобаның жалпы құны 1,6 млрд теңгені құ­райды. Бүгінде мердігер мекеме «Аман Құрылыс» ЖШС сәуір айында іргетасы қаланған ғимаратты жыл соңына дейін ел игілігіне бермек.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депу­таттары Серік Егізбаев, Жигули Дай­рабаев, Ерболат Саурықов және Мар­хабат Жайымбетов те ауданға жұ­мыс сапарымен келген. Олар алды­мен қоғам қайраткері Темірбек Жүр­ге­­нов ауылына табан тіреп, елді ме­кен­нің тыныс-тіршілігімен танысып, жүр­гізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйінен хабардар болды. Халық қа­лау­лылары ең алды­мен «Ер-Әлі» шаруа қожалығының Сыр салысын күтіп-бап­тау және суды үнемдеудің жаңа әдіс­тері­мен танысты.
Бүгінде судың қадірін түсінген ша­руа қожалық қалдық суды қайта өңдеу арқылы Аққыр ауылдық округіне күріш екті. 120 гектар жерге егілген Сыр са­лы­сының бүгінгі шығымы жақсы. Тың техно­логия мен жаңа техника игерген шаруа­шылықтың бүгінгі тіршілігі ширақ. Мал азығын дайындауда жоңышқа оруға әкелген тракторлар жұмысшының да, ша­руашылықтың да еңбек үдерісін жеңілдетіп, оң нәтижеге жетелеуде.
Ауыл халқының бүгінгі тыныс-тір­ші­лігіне куә болған ел ағалары, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының алма ба­ғында тамшылату әдісі арқылы өскен жеміс ағаштарының бүгінгі жайымен танысты. «Құр­манбай ата» деп ата­латын бақта кәсіпкер 2017 жылдан бастап алма өсіруді қолға алған. Бүгінде кәсіпорын өнімі облыс орталығы мен өзге аудандардағы сауда орталықтарының сөрелерінде сатылымда.

Шаруашылық төрағасы былтыр бар­лығы 5 гектарға егілген 12 600 көшеттен 20 тонна алма жиналғанын, ал биыл 30-40 тоннаға дейін өнім жинау жоспарда барын айтты. Бақта алманың «Гала», «Голден», «Симиринко», «Фуджи» сұ­рып­­тары бар.
Тіршілігі тындырымды кәсіп иесі был­­тыр 310 қаз балапанын әкеліп, құс етін өндірумен айналысу үшін жаңа бас­таманы қолға алған. Оң нәтижесін бер­ген бұл бастама шаруашылықтың құс етін өндірумен айналысуына үлкен сеп болған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіруде де Жалағаш ауданы бойынша «Ер-Әлі» шаруа қожалығы көш бастап тұр. Балама кәсіптердің қатарына қазіргі таңда балық шаруа­шылығы да қосылған.
Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыс, жайлы баспана және жаңа көлік­пен қамтамасыз етіп, туған жердің гүлде­нуіне үлес қосып отырған «Ер-Әлі» шаруа қожалығының жұмысына Мәжіліс депутаттары оң бағасын берді.

Соңғы жылдары өңірде денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Былтыр аудандағы қос бірдей ауылға, яғни Мыр­забай ахун мен Аламесек ауылдық ок­ругіне дәрігерлік амбулаториялық ем­хана са­лынып, ел игілігіне пайдалануға беріл­ген бо­латын. ҚР Парламенті Мәжілісінің депу­таты Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергеш­баев­тың кезекті жұмыс сапары Мырзабай ахун ауылында жалғасты. Мұндағы мақсат дәрі­гер­лік амбулаторияның ұжымымен танысу. 2023 жылы ел игілігіне берілген қос елді мекендегі нысанның құрылысына Ұлттық жоба аясында республикалық бюджеттен 752,8 млн теңге бөлінген. Қазір медициналық нысан халықтың қажетіне жарап тұр.
Мырзабай ахун ауылында бүгінде 1420 тұрғын бар. Жаңадан салынған ем­хана ішінде тіркеу орны, дәріханалық бекет, қа­был­дау, оқшаулау, физотерапиялық емдеу, егу бөлмелері, лаборатория, архив, жалпы тәжі­рибелік дәрігердің кабинеті, әйелдерді қарау бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де арнайы бөлме жабдықталып, қолайлы жағдай жасалған. Мұнда 1 дәрігер, 1 аға мейірбике, 2 мейірбике, 1 фельдшер, 1 акушер мейірбике, 1 ем-шара жүргізетін мейірбике, 1 зертханашы, 2 кіші аяжан бар. Сондай-ақ 5 орынды күндізгі емдеу стационары да жұмыс істейді.
Кездесуде халыққа қызмет көр­сету сапасы мен ұжымдық жұмыс бары­сын­дағы қызметтер талқыланды. Ұлт сау­лығы жо­лындағы мем­лекет жүктеген межелі мін­дет­терді мінсіз атқарып жүрген ұжым жаңа нысанда ауыл тұрғындарын кедергісіз қабыл­дауда. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жал­ғасып, Қаракеткен ауылдық округі мен Дал­­дабай елді мекенінің халқы үшін маңызға ие дәрігерлік амбулатория құрылысы респуб­ликалық және облыстық бюджеттен қолдау тапты.
Жұмыс сапарының келесі күні ҚР Пар­ла­менті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов өндірісі өрге басқан «Өркен Әлем» ЖШС-на барды. Мұндағы мақсат – тігін це­хымен және онда жұмыс жасайтын шебер­лер­дің жұмысымен танысу.
Отандық бренд қалыптастыруда жаңа бастаманы қолға ал­ған серіктестікте бас­тапқы да 24 адам жұ­мыс жасаған. Ал қазіргі таңда мұнда 60 адам тұрақты жұмыс жасауда. Өндірістегі нәзік­жан­дылардың барлығы ар­найы оқудан өткен тәжірибелі мамандар. Он жыл бұрын өз жұмысын бастаған өндістің бүгінде болашағы жарқын.
Айта кетейік, жыл басынан бері аудан бо­йын­­ша өнеркәсіп өнімдерін өндіру 147,4 па­йызға артып, 17 млрд 129 млн теңгенің өнімі өн­дірілген. Сондай-ақ халық қалаулысы Жа­ла­ғаш кентіндегі дене шынықтыру-сауық­ты­ру кешенінің құрылыс жұмыстарымен та­нысты. Құрылыс нысанының қазіргі таңда не­­гізгі жұмыстары аяқталған. Дегенмен мер­ді­гер мекемеге ескертпелерге сәйкес қал­пы­на келтіруді қажет ететін тұстарды қайта жа­ңарту қажеттігі тапсырылған. Бүгінгі күнге де­йін құ­рылыс жұмыстары кешеуіл­де­ген спорт кешені жақын арада пайдалануға бе­ріледі.
Ауданға жұмыс сапарымен келіп, ауыл­дардың тыныс-тіршілігімен танысқан Мә­­­жіліс депутаттары аудан көлемінде атқа­рылып жатқан ауқымды жобаларға оң баға беріп, 85 жылдық тарихы бар ауданның ты­ны­сы кең, тындырымды ісі мол екенін тілге тиек етті.

Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: