Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:21

Ауыл тұрғындары да саяси науқанда белсенді

19.03.2023

351

0

Аламесектегі ағайынның да сайлауда белсенділігі анық байқалады. Таңғы сағат 7.00-де басталған саяси науқанда бірінші болып ауыл тұрғыны Бота Қазбекова өз таңдауын жасаған. 8.00-ге дейін 75 сайлаушы дауыс беріп үлгеріпті. Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген сайлауға ауыл тұрғындарының ұлттық киіммен келуі көзді сүйсінтті.


№151 сайлау учаскесінің төрағасы Әбдіқайыр Әйтімов бұған дейінгі сайлауларда да ауыл тұрғындары белсенді болғанын айтады. Төраға оны жергілікті халықтың мемлекет болашағына бейжай қарамайтынымен байланыстырады.
Негізінен Аламесекте барлығы 980 сайлаушы бар. Оның ішінде 18 жасқа толған 10 сайлаушы саяси науқанда бірінші рет өз таңдауын жасайды. Жалпы 35 жасқа дейінгі 327 сайлаушы болса, 13 сайлаушы өз үйден дауыс береді екен. Ауылдағы сайлаушылардың алды 94 жаста.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: