Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:56

Бірлескен зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?

06.12.2023

273

0

Еңбек демалысына ресми шығуды күтпестен зейнетақы төлемдерін алу әбден мүмкін! Бұл мүмкіндікті зейнетақы аннуитеті ұсынады. Fingramota.kz сақтандыру құралының осы түрінің егжей-тегжейін айтып береді.

Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?

Бұл азаматтарға зейнетақы жинағы жеткілікті болу шартымен зейнетақыны белгіленген мерзімінен бұрын  алуға мүмкіндік беретін сақтандыру өнімі. Зейнетақы аннуитеті шарттарын жасау бойынша қызметтерді қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары ұсынады. Қазіргі таңда  нарықта  мұндай 8 ұйым жұмыс істейді.

Азамат зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып,  55 жасқа жеткеннен кейін өмір бойы кепілдік берілген кіріс алу құқығына ие болады. Өз кезегінде осындай шарт жасай отырып, сақтандыру ұйымы өз клиентіне өмір бойы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттеме алады.

2021 жылы Заңда сақтандыру ұйымынан ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері азайтылды. Қазіргі күні ол зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыстағы ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) шамасының  70%-ын құрайды. Осыған байланысты зейнетақы аннуитеті шартының құны да 40%-ға азайды. Қазіргі күні ер адамдар үшін стандартты зейнетақы аннуитеті шартының құны 7 млн теңгені, ал осындай жастағы әйел адамдар үшін 8,5 млн теңгені құрайды.

Агенттік азаматтар үшін осы өнімнің тартымдылығы мен кірістілігін арттыру үшін зейнетақы аннуитеті шартының өлшемдерін қосымша қайта қарады. Сақтандыру төлемдері индексациясының мөлшері 5%-дан 7%-ға дейін ұлғайтылды.  Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша кірістіліктің ең төменгі мөлшерлемесі де 7%-дан 9%-ға дейін артты. Мүгедектігі бар адамдар және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін зейнетақы аннуитетінің құнын есептеу үшін жеке  өлім-жітім кестесін қолдану көзделген.

Бүгінгі күні азаматтарға кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттерін қоса алғанда, зейнетақы аннуитеті шарттарының бірнеше түрін иелену мүмкіндігі беріледі.

Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?

Сақтанушыларға 55 жастан бастап ай сайын өмір бойы төлем алу құқығымен 45 жастан бастап шарт жасасу мүмкіндігін береді. Мұндай сақтандыру өнімі өз бюджетін алдын ала жоспарлайтын және зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін қандай қаражатқа өмір сүретінін ойлайтын азаматтарға қажет.

Қаржы нарығындағы мөлшерлемелер құбылмалылығына қарамастан кепілдік берілген кірістіліктің болуы кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетінің негізгі артықшылығы болып табылады. Сақтандыру ұйымы сақтанушы сақтандыру төлемдерін ала бастайтын жасқа жеткенге дейін жыл сайын заңнамалық тұрғыдан белгіленген кірістілікке кепілдік береді. Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін жасаған күннен бастап сақтандыру ұйымына берілген қаражат инвестицияланады, болашақта алатын сақтандыру төлемдерінің көлемі ұлғаяды.

Толығырақ «Сақтандыру» бөлімінен оқыңыздар

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: