Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 08:50

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аталып өтті

28.06.2022

344

0

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Асқарбек Есжанов аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің ұжымын қабылдады.

– Бүгінгі мереке тек бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің ғана мерекесі емес, бұл барша оқырман қауымның мерекесі десек артық емес. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары – халықтың үні. Оның бетінде шағын ғана отбасының проблемаларынан бастап, мемлекеттік маңызы бар орасан зор мәселеге дейін көтеріліп отырады. Күнделікті тіршілік, әлемдегі ахуал, қоғамдағы қозғалыстардың барлығына да бірлікті ту етіп ұстайтын журналистер қауымының араласып отыратыны белгілі, – деді аудан басшысы.

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов толассыз ақпарат заманында қоғам мен билік арасындағы пікір алмасуды және тиімді өзара байланысты орнату жолында халыққа қалтқысыз еңбек етіп жүрген сала мамандарына алғыс білдіріп, бірқатар қаламгерлер мен қызметкерлерге аудан әкімінің «Алғыс хаттарын» табыстап, еңбектеріне табыс тіледі.

Өз кезегінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сөз алып, жылы лебіздерін, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: