Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сенбі, 22 наурыз, 10:11

eGov жүйесінде жеке деректер таралып кетуін тексере алатын жаңа функция пайда болады

21.03.2025

59

0

Жақын арада eGov қосымшасында қазақстандықтар жеке деректерінің таралып кеткен-кетпегенін тексере алатын жаңа функция іске қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Web-Totem ЖШС директоры Руслан Төргелдиновтың айтуынша, жаңа Nomad Guard сервисі eGov жүйесіне интеграцияланған.

«Сіз электрондық цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан өткен кезде, жүйе сіздің ЖСН, аты-жөніңіз және мобильді азаматтар базасындағы деректеріңізді. Соның ішінде электрондық поштаңызды пайдаланады. Дәл осы деректер бойынша жүйе ақпараттың таралып кетуін тексереді. Егер сіздің деректеріңіздің таралып кеткені анықталса, сізге 1414 нөмірінен хабарлама келеді. Сонымен қатар eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да ескерту аласыз», – деді Төргелдинов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Руслан Төргелдиновтың айтуынша, қазіргі уақытта жаңа функцияның соңғы тестілеу кезеңдері аяқталып жатыр. Алдағы күндері ол қосымшада қолжетімді болады және әрбір азамат өз деректерінің таралып кеткен-кетпегенін тексере алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: