Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңке екі күнге жалғасады.
Арзан бағадағы жәрмеңке «Астана Арена» спорттық кешенінің жанында өтуде.
Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен 7 ауданның 70-ке жуық шаруашылықтары мен кәсіпорындарының өндірген құны 200 млн. теңгені құрайтын 500 тоннадан астам жоғары сапалы өнімдері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына ұсынылуда.
Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріш, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызы жеткізілді.
Сырбойылықтар жәрмеңкеге 100 тонна күріш, 15 тонна ет және 30 тонна балық өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидектер, 210 тонна бақша өнімдері, 50 тонна асқабақ, 3 тонна ас тұзы, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық кондитер өнімдерін әкелді.
Сыр елінен келген өнерпаздар елордалықтарға әсерлі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.
Еске салайық, елордада жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Алдағы 17-18 қыркүйекте Алматы мен Жетісу өңірінің кәсіпкерлері елордада өз өнімдерін ұсынбақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!