Ақсу ауылының тұрғыны 80 жасқа таяған Оңғар Аппазов өз таңдауын жасады. Таң сәріден сайлауға келген ақсақал ауылдастарына үлгі болып, сайлау өз жоғары дәрежеде өтуіне сенім білдіріп, ақ батасын берді.

– Осы уақытқа дейні кез келген саяси науқаннан шет қалған емеспін. Бүгінде ауыл болашағы үшін ерте келіп өз таңдауымды жасадым. Ауыл тізгінін қай азамат ұстаса да, елге адал қызмет етіп, ауылдың дамуына өз үлесін қосуы қажет. Себебі ауыл болашағы бәрінен де маңызды, – дейді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!