Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жұма, 19 сәуiр, 11:54

Ерлан Қарин: Реформалардың ең маңыздысы – саяси институттар арасында тепе-теңдік орнату

03.06.2022

381

0

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ата Заңымызға қандай өзгерістер енгізілетінін айтып, оның ел дамуындағы маңызын түсіндірді, деп хабарлайды  referendum2022.kz.

«Конституциялық реформалардың ең басты маңызы – саяси институттар арасындағы қарым-қатынасқа оптималды баланс орнату. Мысалы, Парламенттің статусын арттыру, Есеп комитетінің Жоғарғы аудиторлық палата болып өзгертілуі. Палата төрағасы жылына 2 рет Парламент алдында есеп береді. Бұл бюджеттің игерілуін қадағалау функциясын күшейтуге бағытталған», – дейді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Конституциялық соттың атқаратын қызметін ерекше атап өтті. Оған кез келген азамат шағымдана алатынын айтты. Адам құқықтарына ие уәкілдің конституциялық статусы барына, ол қандай да бір мемлекеттік органға тәуелді болмайтынына назар аударды.

Сөз соңында Мемлекеттік хатшы қазақстандықтарды референдумға белсене қатысуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: