Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сенбі, 22 ақпан, 13:51

Халықаралық кітап сыйлау күні аталып өтті

14.02.2025

6

0

«AMANAT» партиясының «Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында «Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай азаматтардың және жастардың арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, көркем әдебиетті оқуға ынталандыру және шығармалармен бөлісуге шабыттандыру мақсатында Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, Руханият орталығыда орналасқан аудандық кітапхана қорына кітаптар сыйға тартылды.

Атаулы шараны аудандық арадагерлер кеңесінің төрағасы Садық Алиұлы ашып, сөз бастап жастарды кітапқа деген құштарлықты ашу,жиі оқу керектігін сөзге тиек етті.

Маңызды шараға Жалағаш кенті арадагерлер кеңесінің төрағасы Құлмаханов Қожантай, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жалағаш ауданының құрметті азаматы Кәрімов Рысбай, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қарымды қаламгер тек қана шығармашылықпен ғана емес, газеттің де жүгін арқалаған Бертаев Серік, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депуттаттық фракциясының жетекшісі Құрманбаеа Гүлзат, Жалағаш аудандық әкімі аппаратының маманы Ержанов Бексұлтан, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл және «Дарын», «Даму», «Денсаулық», «Мәдени мұра», «Жастар» бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен хатшылары бірнеше кітаптарды жастарға таныстыра отырып, ауданымыздың кітапхана қорына сыйға тартты.

Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі, оны оқу арқылы өткен тарихыңды, болашағыңды біле аласың.

«AMANAT» партиясы мәдениетке, руханиятқа қашанда ерекше көңіл бөліп келеді. Оның ішінде, оқырмандарды кітап әлеміне қайта тарту үшін көптеген жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Оның бір ғана дәлелі ретінде 2023 жылдан бастап партия қолға алған «Кітап-AMANAT» жобасы аясында әр өңірде кітап орталықтары ашылып жатыр. Партия әлем елдерінің осы саладағы озық тәжірибесін үлгі ете отырып, отандық әдебиетті дамытуға атсалысып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: