Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 10:10

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.09.2024

398

0

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Жалағаш аудандық Халықтық штабының мүшелері Мирман Дина, Бекмолдаева Гүлнар, Каналхан Ермұрат аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.

Штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауын және АЭС салу мәселесінің маңызы туралы ашық әңгімелесу үшін арнайы келгендерін атап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында атом электр станиясын салудың маңызы мен артықшылығы талқыланып, штаб мүшелері АЭС елімізге не үшін қажет екенін, энергия қуаты тапшылығы мәселесін жоюда қаншалықты тиімді екенін түсіндірді.

«Бүгінгі таңда еліміздегі электр қуатының тапшылығы Ресейден келетін 1 миллиард киловатт-сағат көлеміндегі ағынмен жабылып отыр. Жыл сайын елімізде электр қуатын тұтыну көрсеткіші арта береді. Ал қазіргі жұмыс істеп тұрған станциялардың оған шамасы келмейді. Сондықтан энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін бізге таза, тұрақты және сарқылмайтын энергия көзі қажет», – Дина Мирман.

«Елімізде электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал бұл мәселе уақтылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе тапшылық жыл сайын өсе бермек. Осы ретте, Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бастамасы экономикалык тұрғыдан ең тиімді шешім болып отыр», – деді Бекмолдаева Гүлнар.

Қазақстанға бірқатар маңызды мәселелерді шешу үшін АЭС қажет. Себебі:парниктік газдар шығарындыларын азайту. Атом электр станциялары көмірқышқыл газын және басқа парниктік газдарды шығармайды, бұл климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету. Атом электр станциялары импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтуға және елді тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 3. Электр энергиясы тарифтерінің өсуіне қарсы әрекет ету. Атом электр станциялары электр энергиясын салыстырмалы түрде төмен бағамен өндіреді, бұл тұтынушылар үшін тарифтердің өсуін тежей алады – деді Ермұрат Каналхан.

Кездесуге қатысушы қызметкерлер еліміз үшін мaңызды бастаманы қолдайтындарын, АЭС салу заман тaлабы екенін aлға тартты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: