Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 13:35

Мәскеудің іргесіндегі Красногорск қаласында белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды

22.03.2024

195

0

Ресейдің астанасы Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында, «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТАСС-тың жазуынша, қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. 

«Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл» ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр», делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұл кезде «Пикник» тобының концерті болып жатқан.

ТАСС агенттігіне оқиға куәгерлері атыстан зардап шеккендер мен жараланғандар бар екенін хабарлады.

Оқиға орнына мәскеулік Арнайы жедел әрекет ету отряды мен арнайы жасақ және өрт сөндірушілер шұғыл жетті.

Атыс кезінде музыканттар зардап шеккен жоқ.

Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев жедел штаб құрылғанын хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: