Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 17:10

Мақпалкөлде «Ағаш отырғызу» акциясы өтті

19.03.2023

626

0

Дана халқымыз «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген тәмсілді бекер айтпаса керек. Әрине, бүгінгі қоғам жасыл-желекті күтіп ұстап, көзінің қара шығындай сақтағаны жөн. Сол ізбен жалғасқан сара жол қазіргі таңда мақпалкөлділіктердің де басты ұстанымына айналғандай.

Оған дәлел ретінде бүгінгі саяси науқанда сайлаушылар тек дауыс беріп қана қоймай, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтың 125 жылдығына орай ауыл көлемінде 125 дана көшет отырғызу акциясын өткізді. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін шарада ауыл ақсақалдарынан бастап ойын баласына дейін бой көрсетті. Елді мекен тұрғындарының көктемнің шуақты күнінде ауызбіршілік танытқан берекелі тірліктері қоғамға үлгі болары сөзсіз.

  • «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, ұрпаққа мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін қашан да жойған емес. Еліміздің болашағы үшін өтіп жатқан саяси науқанда бір қолдан жең, бір жағадан бас шығарып, ауылымыздың көркеюіне үлес қосып жүрген жерлестеріме ризамын. Мен де таңғы шәйімді іше сала, қорадағы тірліктерімді ыңғайлап, сайлау учаскесіне бетбұрдым. Иә, расымен кемел келешекке бастайтын әр істің берекелі әрі нәтижелі болары анық. Өйткені жақсылықтың қадамы ұзақ, барар жері алыс деген сөз бар. Еліміз үшін бүгін маңызды күн. Бұл – үлкен мүмкіндік. Сондықтан мұның үлкен өзгерістердің бастамасы екеніне сенеміз. Ал осындай жауапты кезеңде халық өз таңдауын жасаудан құр қалмауы керек. Осындай игі істе үлкендердің батасы мен жастардың қолдауы болса оң нәтижелерге жетеріміз анық, – дейді ардақты әжеміз Тұрсынай Жәлелова.

Айта кетейік, мемлекет қайраткері атындағы саябақта терек, жеміс-жидектер, яғни шие, өрік көшеттері отырғызылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: