Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

33°C

, Бейсенбі, 05 маусым, 12:56

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы тағайындалды

03.06.2025

43

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге қатысты мәжілісте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Айтымбетова Ләззат Қанибайқызы таныстырылды.

Осыған дейін аталған департамент басшысы болған Байменова Ғалия Абсадыққызы зейнет жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына шықты.

Облыс әкімі Ләззат Қанибайқызының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді.

«Жаңа басшыға медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларын атқаруды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын қатаң бақылауды тапсырамын», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айтымбетова Ләззат Қанибайқызы 1974 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтында «Провизор», Орталық Азия университетінде «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда қалалық перзентханасында дәріхана провизоры ретінде бастаған.

Әр жылдары Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінде, облыстық денсаулық сақтау басқармасында, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жауапты қызметтер атқарған. 2024 жылдан осы күнге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде басшылық лауазымдарда абыройлы еңбек етті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: