Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 04:57

Мейрамбек Мұстафаев бірінші болып өз таңдауын жасады

20.11.2022

279

0

Кент тұрғыны Мейрамбек Мұстафаев бүгін №132 сайлау учаскесі бойынша бірінші болып өз таңдауын жасады. Ол бұған дейін де саяси науқанда белсенділік танытыпты. Биыл зейнеткерлікке шыққан ардагердің өз сайлау учаскесі бойынша ең алғаш дауыс беруі бірінші жыл емес. Яғни бұған дейін де ол саяси науқанда белсенділік танытқан.

Осындағы комиссия құрамымен бірге әнұран шырқап, өз таңдауын жасаған ағамыз бағалы сыйлықтан да құр қалмады. Сайлау учаскесінің төрайымы Айнұр Айбосынова оның бұл өнегелі қадамы жас сайлаушыларға айтарлықтай үлгі екенін тілге тиек етіп, бүгін саяси науқанмен тұспа-тұс келген туған күнімен құттықтап, бағалы сыйлығын табыс етті.

– Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бұл бабаларымыздың сан ғасырлар бойы арманы еді. Осы жолда қаншама батырларымыз жан алысып, жан берісті.  Сол үлкен еңбектің нәтижесінде келдген шексіз байлығымыз бізге аманат екені анық. Ал біз тәуелсіз Қазақстанның мәңгі жасауына тамшыдай болса да өз үлесімізді қосуымыз керек. Шындығына келгенде, сайлау сезіне білсек, кез келген адамға жауапкершілік жүктейді. «Елдің ертеңі менің қолымда, Қазақстанның болашағы маған байланысты» деген кез келген адам бұл саяси науқаннан қалыс қалмауы керек. Биыл өзім зейнеткерлікке шықтым. Осыған дейін сайлаудан құр қалған емеспін, қуат берсе, әлі де қалмаймын. Әрқайсымыздың таңдауымыз ел келешегіне қаланған бір кірпіш екенін түсінейік, – дейді сайлаушы Мейрамбек Мұстафаев.

Алпысты алқымдаған ағамыздың айтып тұрған сөзінің жаны бар. Расында өз-өзіне әлгіндей жауапкершілік жүктеген кез келген азаматтың бұл саяси науқаннан қалыс қалуға хақысы жоқ. Әрине сайлауда дауыс беру, бермеу өз еркінде. Бірақ кент тұрғыны айтқандай, мемлекет келешегіне бейжай қарамйтын кез келген азамат үшін әрбір сайлаушының дауысы маңызды екенін ескерген де жөн шығар.

Ерлан Созақбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: