Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 16:29

«Мерейлі отбасы-2023»: Байқауға кімдер қатыса алады?

15.05.2023

496

0

Отан отбасынан басталатынын ескерсек алдымен отанды құрайтын отбасы мықты болуы маңызды. Ол үшін отбасылық құндылықтарды мемлекеттік деңгейде жандандырып, үлгілі отбасыларды насихаттау жұмыстары жолға қойылуы қажет. 

Осы мақсатта 2013 жылы қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні болып белгіленіп, 2014 жылдан бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы бастау алды. 

Қоғам назарын отбасылық құндылықтарды сақтауға аудару әрі оны дәріптеу мақсатында елімізде әр жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізу дәстүрге айналды.

Байқау 3 кезеңнен тұрады. Аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алады. Облыстан үздік деп танылған отбасы байқаудың республикалық кезеңінде бақ сынайды. 

Байқауға қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік жоғары жетістіктері бар отбасылар жіберіледі. 

Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға қалыптастыру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында 
«Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының қалалық және аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау 15 мамыр – 15 маусым аралығында экранда көрсетілген мекен-жайлар бойынша жүргізіледі. 

1. Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі №33
Қала әкімдігінің ғимараты, қоғамдық даму бөлімі
Байланыс телефоны: 8 (7242) 27-20-81
2. Арал ауданы, Астана көшесі №130
Аудан әкімдігінің ғимараты, қоғамдық даму бөлімі, 2 қабат
Байланыс телефоны: 8 (72433) 21-9-21
3. Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ж. Нұрмұхаммедұлы көшесі №130
Аудан әкімдігінің ғимараты, қоғамдық даму бөлімі, 2 қабат
Байланыс телефоны: 87784964472
4. Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44
Қоғамдық даму бөлімі
Байланыс телефоны: 8 (72437) 22-9-18
5. Жалағаш ауданы, Әйтеке би көшесі №12
Аудан әкімдігінің ғимараты, қоғамдық даму бөлімі
Байланыс телефоны: 8 (72431) 31-9-99
6. Сырдария ауданы, Д. Қонаев көшесі №9 б
Қоғамдық даму бөлімі
Байланыс телефоны: 8 (72436) 22-2-71
7. Шиелі ауданы, Рысқұлов көшесі №19
Аудандық қоғамдық даму бөлімі, 5 кабинет 
(ескі прокуратура ғимараты)
Байланыс телефоны: 87786981349
8. Жаңақорған ауданы, М. Көкенов көшесі №33
Аудандық қоғамдық даму бөлімі
Байланыс телефоны: 8 (72432) 42-5-52, 87024853555

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: