Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 26 сәуiр, 15:09

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді

16.09.2022

577

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Қожаниязов Серік Салауатұлы Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Асқарбек Есжановпен бірге бірқатар нысандарды аралады.

Ең алдымен Жалағаш кенті, «Ақтерек-170 га» гектарға инженерлік-инфрақұрылым құрылысы жұмыстарымен танысты.

Бірақта халықтың өсу тенденциясына орай тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін сұрау өтініштері күннен күнге өсуде.

Осыған орай, 2017 жылы Жалағаш кенті, «Ақтерек»-170 гектарға түбегейлі-жоспарлау жобасы әзірленді.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының тұрғын үй құрылысы екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылыстарымен ұсынылған және 170 га аумақты қамтиды.

Бұдан соң Серік Салауатұлы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салу жобасымен, Жалағаш кентіндегі емдеу мекемелеріне кәріз жүйесін салу жобасымен танысып, аудан әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: